Еуроодақ Ресейге көмектескені үшін Солтүстік Корея мен Иранға қарсы санкцияны арттырды

Екі ел де Украинаға қарсы әскери операциялар кезінде Ресейге әртүрлі қару түрлерін жеткізген деп айыпталған

Аян Кайырбаев

31 мамырда Еуропалық Одақ Кеңесі Ресейге қару-жарақ жеткізуге қатысы бар Иран мен Солтүстік Кореяның жеке және заңды тұлғаларын қоса алғанда, санкциялар тізімін кеңейтті.

Тиісті мәлімдеме ЕО кеңесінің сайтында жарияланды. Жаңа тізімге Солтүстік Корея мен Ираннан алты жеке және үш заңды тұлға қосылды.

КХДР өкілдеріне қарсы санкциялар олардың «заңсыз қару-жарақ бағдарламаларына қатысуы және Ресейдің Украинаға қарсы агрессивті соғысын қолдауымен» байланысты. Иран өкілдеріне «Ресейдің Украинаға қарсы агрессивті соғысы үшін ұшқышсыз ұшақтарды бергені және Таяу Шығыс пен Қызыл теңіз аймағында ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандарды жеткізгені үшін» санкциялар салынды.

Сондай-ақ Иран Израильге зымырандық шабуылға және Йемен мен Сириядағы радикалды топтарға көмек көрсетуге жауапты.

ЕО санкцияларының жаңартылған тізімдеріне мыналар кіреді:

Иранның қорғаныс министрі Мохаммадреза Аштиани
Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Исмаил Каани
Авиация индустриясы ұйымының басшысы Афшин Хаджи Фард
Kavan Electro, оның топ-менеджментінің екі өкілімен бірге дрондарды өндіруге арналған компоненттерді сатып алу және сатумен айналысатын компания
КХДР өкілдерінің аты-жөні көрсетілмеген, бірақ олардың активтері мен қаражаты немесе экономикалық ресурстары тоқтатылатыны, сондай-ақ Еуроодақ елдеріне баруына тыйым салынатыны хабарланды.

Сонымен қатар, Ресей Приморск өлкесінің губернаторы Олег Кожемяко мен ресейлік «Шығыс Стивидор компаниясы» Еуроодақтың санкцияларына ұшырады. Кожемякоға Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның 2023 жылдың қыркүйегінде Ресейге сапарын ұйымдастырды және оған БҰҰ санкцияларымен тыйым салынған қару-жарақ тапсырды деген айып тағылды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22