Бүгін Қазақстанда - Спорт күні

Ол тамыз айының әр үшінші жексенбісінде аталып өтіледі

Админ

Бүгінде әрбір үшінші қазақстандық немесе 7 млн 587 мың адам спортпен айналысады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұл жалпы халық санының 38,5%-ы. Оның ішінде 258 мыңнан астам бала мен жасөспірім 800-ден астам балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарында спортпен шұғылданады. 

Соңғы 3 жылда спортпен және дене шынықтырумен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны 25,3%-ға өсіп, 51 325 адамға жетті.Ал, 584 мыңға жуық адам ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысады. 

Жалпы республика бойынша 43 мыңнан астам спорттық ғимарат болса, оның 23 мыңнан астамы – ауылдық жерде орналасқан.
 
Биыл 113 жаңа спорттық нысан салу, 20 спорттық нысанды реконструкциялау, 6 жұмыс істеп тұрған спорт объектілерін жете жарақтандыру бойынша жұмыс басталды. 

Республикада жыл сайын 1,2 млн адамды, оның ішінде ауылдық жерлерде 500 мың адамды қамтитын, әртүрлі деңгейдегі 25 мыңнан аса спорттық-бұқаралық іс-шара тұрақты түрде өткізіледі. Әсіресе, соңғы жылдары жүгіру, марафондар, велошерулер мен веломарафондар, спорттық фестивальдар, отбасылық жарыстар, жаппай сырғанаулар танымал бола бастады.

Наурыз айында Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Министрлік 2030 жылға қарай дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың үлесін жалпы халық санының 50%-на дейін жеткізуге ниетті. Ол үшін азаматтарымызды спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында қарқынды жұмыс жүреді. 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

Бүгін, 10:18
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

Кеше, 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02