Ислам Сатпаев Қазақстанға Париж Олимпиадасының жолдамасын сыйлады

Бұл нысана көздеуден Ұлттық құраманың алғашқы Олимпиада лицензиясы 

Админ

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасы түсті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Спортты дамыту дирекциясының ақпаратынша, отандасымыз Ислам Сатпаев пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеудің финалына шығып, жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Ол 206,5 ұпай жинап, 4-сатыға тұрақтады.

Мұнда швециялық Виктор Линдгрен (251,3 балл) чемпион атанса, қытайлық Хаоран Ян (250 балл) күміс жүлде алды. Үздік үштікті чехиялық Франтишек Сметана 227,5 ұпаймен түйіндеді.

Айта кетейік, бұл нысана көздеуден Ұлттық құраманың алғашқы Олимпиада лицензиясы. Нысана көздеуден жолдама әлем чемпионатында жекелеген мергенге емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Алайда әр мемлекеттің федерациясы күтпеген жағдай болмаса олимпия ойындарына жолдамаға қол жеткізген спортшыны апарады.

24 жастағы Ислам Сатпаев биыл Джакатада өткен Әлем Кубогында пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден 3 медаль жеңіп алған. Ол тура бір жыл бұрын осы Бакудағы Әлем Кубогында қола жүлдегер атанған.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19