«Шоу»: Ресей армиясының кезекті генералы изоляторда қалды

Тергеушілер бұрынғы әскери басшыны үйқамаққа ауыстыруды сұраған еді

Мәскеудегі 235-ші гарнизондық әскери сот жұма күні Украинада соғысып жатқан 58-ші армияны басқарған Ресей армиясының генерал-майоры Иван Поповқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуден бас тартты. Сот тергеу сұрауына қарамастан, оны тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырмады, деп хабарлайды Sarbaz.kz svoboda.org сайтына сілтеме жасап.

Ресейдің Тергеу к омитеті өз өтінішін жалпы жағдай мен «істің басқа да мән-жайлын» ескере отырып бергенін мәлімдеді. Дегенмен судья шешімді өзгертуге жеткілікті негіз таппаған.

Кеше Попов қолына кісен салынып, сотқа жеткізілді. Дәлізде келе жатып, ол журналистерге болып жатқанды «шоу» деп атады.

Ал сот залында бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шешімді күтпей-ақ оның қолындағы кісен алынып тасталды.

Сот отырысында Поповтың жеке мекенжайы мен басқа да жеке мәліметтері жарияланғандықтан, тыңдаудың көп бөлігі баспасөзге жабық өтті.

Айта кетейік, генерал Украинаның Запорожье облысында Ресей армиясының бекіністерін салуға бөлінген металл конструкцияларын ұрлауға қатысы бар деген күдікке ілінген. Ол заңсыздықты жоққа шығарады.

Попов – соңғы айда тұтқындалған Ресей Қорғаныс министрлігінде қызмет еткен жоғары шенді шенеуніктердің бірі. Еске салсақ, бұған дейін түрлі қылмыстық істер бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов, министрліктің кадр қызметінің бастығы генерал-лейтенант Юрий Кузнецов, Бас штаб бастығының орынбасары генерал-лейтенант Вадим Шамарин және Қорғаныс министрлігі қорғаныстық сатып алу департаментінің бастығы Владимир Вертелецкий қамауға алынған еді.

Олардың барлығы кінәсіздігін алға тартады, ал басым бөлігі мемлекетке сіңірген еңбегін, әскери наградалары мен оң мінездемелерін алға тартып, үйқамаққа босатуды сұрады.

49 жастағы Иван Попов 58-ші құрама армияның бұрынғы қолбасшысы. Әскери сарапшылар оның мансабының қарқынды өскенін атап өтті. Ол жалпы жұртшылыққа 2023 жылдың шілдесінде, тағайындалғаннан кейін бірнеше айдан кейін командир қызметінен босатылған кезде белгілі болды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30