Су тасқыны: Ел бойынша эвакуацияланған 61 мың адам үйіне оралды

Уақытша орналасу пункттерінде 5 284 адам қалып отыр

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы және құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қалған су басқан 13 аула аумағынан су сору жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 5 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 136 970 текше метр су сорылды.

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында, Индер ауданының Индербор кентінде, Махамбет ауданының Жалғансай ауылында су басқан аумақтардан 141 220 текше метр су сорылды. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Жалғансай ауылында қорғаныс бөгеттерін нығайту және салу жұмыстары жалғасуда, 22 600 қап төселді. Жайық өзені арнасынан асып, судың Талдыкөл ауылына апаратын жолға жайылуына байланысты алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Кеше күні бойы тұрғындарды ішінара эвакуациялау жүргізілді. Бүгін таңертең сирена-сөйлеу құрылғыларының көмегімен Талдыкөл ауылында халықты хабардар ету жүргізілді, 362 адам қалған болатын. Қазіргі уақытта тұрғындарды Атырау қаласының уақытша орналастыру пунктіне алдын ала эвакуациялау ұйымдастырылды. Жоспарланған эвакуация жұмыстары жалғасуда.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 400 қапшық пен 90 тонна инертті материал төселді. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында қуатты жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен саяжай үйлерінен еріген қар суын сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Өткен тәулікте 268 мың текше метр су сорылды.

Республика бойынша эвакуацияланған 61 962 адам өз үйлеріне оралды. 5 284 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 25,5 млн артық еріген қар суы су сорылды, 8 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 4 272 адам, 646 техника, 241 су сору құралы және 55 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02