Қазақстан Қытайдан су қабылдауға дайын – министр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қытайдан келетін суды қабылдауға дайындық туралы пікір білдірді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алтай қаласында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуінен кейін өңірдің гидротехникалық нысандарының жұмысын тексерді.

Бұқтырма ГЭС жұмысымен танысып, нысанның бассейндік инспекциялармен өзара іс-қимылын реттедік. Қазір біз қытайлық мамандармен шекарадағы жағдайға байланысты тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жатырмыз. Бүгінде ҚХР-дан секундына 1810 текше метр су келіп жатыр. Бұқтырма су қоймасында 39 млрд текше метр су жиналды. Нысан тағы 10 миллиард текше метр су қабылдай алады. Осылайша, су қоймасы Қытайдан келетін суды қабылдауға дайын. Жағдай жіті бақылауда. Бассейндік инспекция және «Қазсушар» мамандары мұнда тәулік бойы кезекшілік жүргізеді, – деді министр Нұржан Нұржігітов.

Айта кетейік, Боран гидробекеті аумағындағы Қара Ертіс өзенінен су шығыны бүгінде секундына 1800 текше метр, су деңгейі 557 см.

Өскемен су қоймасынан (Бұқтырма су қоймасының контрреттегіші) су жіберу көрсеткіші секундына 900 текше метрге дейін ұлғайтылды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

Кеше, 10:33
Админ
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51