Гаага сотының прокуроры Нетаньяху мен ХАМАС жетекшілерін қамауға алуды талап етті

Осыған дейін Гаага соты Нетаньяхуды тұтқындау туралы ордер шығаруы мүмкін екені хабарланған

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Хан Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты қанды қырғын жасаған Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен ХАМАС жетекшілерін қамауға алуды талап етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры қамауға алуға бес ордер беру туралы өтініш берді. Бұл ордерлер Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, елдің қорғаныс министрі Йоав Галант, сондай-ақ ХАМАС жетекшілері Яхья Синвар, Мұхаммед әл-Дейф және Исмаил Ханияға қатысты.

Прокурор Газа секторындағы қақтығыс бойынша екі тарапты да айыптап отыр. Израиль өз кезегінде Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясын мойындамайды.

Осыған дейін Гаага соты Нетаньяхуды тұтқындау туралы ордер шығаруы мүмкін екені хабарланған болатын.

Айта кетейік, 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС ұйымы Израиль шекарасына өтіп, қырғын салған. Салдарынан 1200-ге тарта адам қаза болып, 130-дан аса израильдік тұтқынға алынған.

Осыдан кейін Израиль ХАМАС ұйымына қарсы Газа секторында қарсы шабуыл жасап, әскери әрекетінен мыңдаған бейбіт тұрғын көз жұмды.

Жуырда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильдің әрекетінен 40-45 мыңдай жазықсыз адам қаза болғанын айтты.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02