Жапония Қазақстанға су тасқынымен күресуге көмектеседі

Ынтымақтастық осы жылдың маусым айында басталуы мүмкін

Аян Кайырбаев

Қазақстан мен Жапония су тасқынымен тиімді күресу үшін гидротехникалық құрылыстарды нығайту бойынша бірлесіп жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр. Ынтымақтастық осы жылдың маусым айында басталуы мүмкін, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің өкілі Каната Томохиромен кездесу барысында ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Қос тараптың кездесуі Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен өтті.

Қазіргі уақытта Жапония тарабы екі бағытта көмек көрсету мүмкіндігін қарастырып отыр. Біріншісі - Жапонияның жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігімен бірлесіп жұмыс жасау. Екінші бағыт – жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) өзара серіктестік орнату. Сонымен қатар, JICA осы жылдың маусым айында техникалық қолдау көрсетуге дайын.

«Қазақстан тарапынан сұранысқа жедел жауап берген жапондық әріптестерімізге алғыс айтамын. Біз жұмысты бастап кету үшін барлық қажетті деректерді беруге дайынбыз. Қазір біздің сарапшылар нысандарға бастапқы тексеру жұмысын жүргізіп жатыр. Заманауи жапондық технологиялар қажетті жұмыс көлемін дәл анықтауға мүмкіндік береді»,- деді су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

Өз кезегінде Жапония тарабы қысқа мерзімде нығайтылуы тиіс маңызды құрылымдардың тізімін сұрады. Деректер JICA өкілдеріне беріледі.

Сондай-ақ, тараптар Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Ямада Джунның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды аралау мақсатындағы маусым айына жоспарланған Ақтөбе облысына сапарын талқылады. Кездесудің тағы бір тақырыбы – тәжірибе алмасу және қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру болды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

Кеше, 21:24
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31