Су тасқыны: 61 мың адам үйіне оралып, 5 мың адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында су басқан үйлер жоқ

Аян Кайырбаев

Өткен тәулікте Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында 159 300 текше метр су сорылып, 2 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Қуатты су сору техникасын пайдалана отырып, Подгора шағын ауданында қалған су басқан 29 аула аумағынан су сору жұмыстары жүргізілуде. Квадрокоптермен елді мекендерге әуеден барлау жүргізілуде.   

Өткен тәулікте  Атырау облысында су басқан аумақтардан 34 458 текше метр су сорылды, 19 850 қап және 1 250 тонна инертті материал төселді. Атырау қаласы мен Махамбет ауданында Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуі байқалады, осыған байланысты қосымша бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде. Өзен арнасынан шығуына жылдам ден қою үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Құлсары қаласында қалған су басқан 14 жеке тұрғын үйден еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 660 қапшық пен 115 тонна инертті материал төселді.

Өңірлерден келген ТЖМ құтқарушылары Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастырылуда. Құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Республика бойынша 61 344 адам өз үйлеріне оралды. 5 460 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 22 млн артық еріген қар суы сорлып, 11 319 жеке тұрғын үй мен 3 593 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 7,9 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 5 698   адам, 937 техника, 347 су сору құралы және 63 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59