Үкімет қаулысы: 635 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Премьер-министр Әлихан Смайылов биыл әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын екі есе арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Құжатта жазылғандай, биыл жалпы саны 635 запастағы офицер мына құрылымдардың қатарына шақырылады:

ҚР Қарулы күштеріне – 550 офицер; ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне – 60 офицер; ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне – 16 офицер; ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан қатарына – 9 офицер.

«Жобаның мақсаты – 2023 жылы әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын ұлғайту. Жобаны іске асыру қосымша бюджет шығынын талап етпейді және тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады», – делінген қаулының түсіндірме жазбасында.

Құжат 11 шілдеден бастап күшіне енеді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

02/07/2025 - 13:25
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02