Ұлттық қорғаныс университетін биыл 170-ке жуық магистрант тәмамдайды

Биылғы жылы қорытынды мемлекеттік аттестаттауда 9 мамандық бойынша 168 әскери магистрант өз біліктілігін растайды

Аян Кайырбаев

Алдағы айларда Қарулы күштер қатары Қазақстанның ең беделді жоғары әскери оқу орны – Ұлттық қорғаныс университетінде білім алған офицерлермен толықпақ, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Биылғы жылы қорытынды мемлекеттік аттестаттауда 9 мамандық бойынша 168 әскери магистрант өз біліктілігін растайды. Олардың қатарында ҚР Қарулы күштерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметінің, ТЖМ-нің офицерлері, ҰҚШҰ елдері құрамына кіретін Қырғызстан мен Тәжікстанның әскери қызметшілері мен пәкістандық екі офицер бар.   

Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы (PhD) философия докторы  генерал-майор Асқар Мұстабеков атап өткендей, тіпті ең қуатты қару-жарақ пен ақылды технологиялар да мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кәсіби шеберлігі шешуші рөл атқаратын мамансыз мағынасын жоғалтады. 

Сапалы әскери білім – Ұлттық қауіпсіздік жүйесінің сенімді өзегі.  Сондықтан бүгінде Ұлттық қорғаныс университетінің алдында жоғары білікті әскери кадрларды дайындау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жауапты міндеттер тұр, – деді Асқар Мұстабеков.

Ұлттық қорғаныс университеті Орталық Азия өңіріндегі магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша стратегиялық, жедел-стратегиялық және жедел-тактикалық буындар үшін әскери кадрлар даярлайтын бірден-бір жоғары оқу орны екенін айта кету керек.  

Мұнда Қазақстан Қорғаныс министрлігінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының офицерлері ғана емес, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің және алыс шет елдердің Қарулы күштерінің өкілдері де оқиды.

Ұлттық қорғаныс университетінде мемлекеттік емтихан мен магистрлік жобаларды қорғау биылғы жылдың мамыр және шілде айларында өтеді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22