АҚШ Израильдің Arrow 3 жүйесін Германияға сатуға рұқсат берді

Мұны олар «тарихи мәміле» деп атады

Нұрдәулет Кәкіш

АҚШ Израильге Arrow 3 жүйесін Германияға сатуына келісім берді. Бұл жүйені америкалықтар мен израильдіктер бірге жасаған. Сондықтан келісім жасалмас бұрын Германия тарапы Вашингтонның мақұлдауын талап етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.

Мұны олар «тарихи мәміле» деп атады.

«Бұл – Израильдің әскери құрылысы мен экономикасына пайда әкелетін маңызды шешім, Израиль тарихындағы ең үлкен келісім. Біз бұл қорғаныс келісімшартын мақтан тұтамыз», - деді Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галлант.

Басылымның мәліметінше, келісімшарт сомасы 4,3 млрд долларды құрауы мүмкін. Маусым айының ортасында Бундестаг Arrow 3 сатып алу үшін бірінші траншты (600 млн доллар) төлеуді мақұлдаған. Енді Израиль, Германия және жүйенің негізгі әзірлеушісі Израильдің Israel Aerospace Industries концерні келісімді нақтылау үшін жазбаша міндеттемелерге қол қоюы керек. Келісімшарт процесі 2023 жылдың соңына қарай, қараша айында аяқталуы мүмкін.
Бұған дейін Германия билігі:

«Германия әуе күштері 2025 жылдың төртінші тоқсанына дейін Arrow 3 алады» деп мәлімдеген болатын.

Израильдік БАҚ қазіргі уақытта Arrow 3 Израильдегі ең заманауи жүйе екенін атап өтті. Жетілдірілген Arrow 4 жүйесі бойынша да жұмыс жүргізілуде.

Ақпан айының басында Германия бірнеше қорғаныс өндірушілерімен құны 17 миллиард еуроға дейін жететін бірнеше қабаттан тұратын зымыранға қарсы қалқан жасау туралы келіссөздер жүргізген. Содан кейін үкімет Бавариялық өндіруші Diehl Defence компаниясымен құны 2-ден 3 миллиард еуроға дейінгі сегіз IRIS-T жүйесін сатып алуды талқылап жатқаны хабарланды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19