Фултон округінің шериф кеңсесі мәлімдеме жасады
Дүйсенбі күні Джорджия штатының үлкен алқабилері АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен тағы 18 адамды 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін жою әрекеті үшін айыптап, Фултон округінің түрмесіне қамалуы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz The Washington Post газетіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта аудандық прокуратура мен төрағалық етуші судьядан алынған нұсқауларға сүйене отырып, айыптау қорытындысында аталған 19 айыпталушының барлығы Райс көшесіндегі түрмеге жабылады деп күтілуде. Айыпталушылар кез келген уақытта қамалады. Түрме тәулік бойы жұмыс істейді», - деді Фултон округінің Шериф кеңсесінің баспасөз хатшысы Натали Аммонс.
The Washington Post газетінің хабарлауынша, Трампқа штаттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңын бұзу, мемлекеттік қызметкерлердің анттарын бұзу, жалған құжаттар беру сияқты 13 бап бойынша айып тағылған.
Трамптың айып тағылған одақтастарының арасында оның адвокаты Руди Джулиани, Ақ үйдің бұрынғы басшысы Марк Мидоуз және бірнеше кеңесшісі бар.
Фултон округінің прокуроры Фани Уиллис айыпталушыларға 25 тамыз күні түске дейін сот отырысына келуге уақыт берді.
Бұған дейін прокурор оның кеңсесі келесі 6 ай ішінде Трампты сайлау үшін сот ісін жүргізуді ұсынатынын атап өткен болатын. Өз кезегінде, Fox News телеарнасы осы уақыт аралығында Республикалық партияның праймериздері қарқын алатынын хабарлаған.
Соңғы айларда Трампқа тағы үш іс бойынша айып тағылды. Бұл демонстранттардың Капитолийге шабуыл жасауы, құпия құжаттарды заңсыз сақтау, сондай-ақ бұрынғы мемлекет басшысының ісіне қатысты заң бұзушылықтар туралы. Трам үстінен қылмыстық іс қозғалған АҚШ-тың алғашқы экс-президенті болып отыр.
Алайда Дональд Трамп ешбір жағдайда кінәсін мойындамайды. Сауалнамаларға сәйкес, сот процестері экс-президенттің саяси перспективаларына әсер етпейді: ол әлі күнге дейін республикалық партияның басқа праймеризге қатысушыларының танымалдылығынан сенімді түрде озып келеді. Осылайша, бұқаралық ақпарат құралдары Трамптың АҚШ президенттігіне республикашылдар атынан үміткер болу үшін күресте жеңіске жету мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті.