«Көк толқындар арқылы»: теңіз шекарашылары туралы алғашқы сериалдың анонсы жарияланды

Онда төрт теңіз шекарашысының жұмысын баяндайды

Нұрдәулет Кәкіш

ҰҚК Шекара қызметінің Жағалау күзеті туралы Маңғыстау облысында түсіріліп жатқан алғашқы көркем сериалдың анонсы жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Көк толқындар арқылы» деп аталатын серия төрт теңіз шекарашысының жұмысын баяндайды. Шытырман оқиғалы экшн көрерменге теңіз академиясында танысқан басты кейіпкерлер туралы оқиғаны ұсынады.

«Сериал кейіпкерлері теориялық білім алып, ҰҚК Шекара қызметінің Жағалау күзеті бөлімшелеріне тәжірибеге жіберіледі. Онда олар детективтік шытырман оқиғаларға тап болады. Сонымен қатар елдің теңіз шекараларын қорғауға қатысты жоғары жауапкершілікті сезіндіреді», - деген болатын ҚР ҰҚК ШҚ өңірлік департаментінің БАҚ жұмысы бойынша жауапты маманы Асхат Жаналипов осыған дейінгі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, мелодраманы ұнататындар үшін фильм басты кейіпкерлерге қатысты жарқын эмоциялар сыйлайды. Романтикалық және драмалық сәтке толы сериалда экшн жанрының жанкүйерлері үшін Каспий теңізінің әдемі пейзаждары аясында атыс-шабыс көріністері де бар.

Фильмді түсірушілер небір трюктер, шытырман оқиғалар мен интригаға толы 15 сериялы драмалық мелодрама ешкімді бей-жай қалдырмайды деп мәлімдеді. Әр эпизод көрерменге теңіз шекарашыларының күнделікті қауырт өмірінен сыр шертеді. Онда кейіпкерлермен бірге көрермен шекара ведомствосының Жағалау күзеті қатарындағы қызметтің ерекшеліктері, патриотизмге және өз Отанын қорғаудағы жауапкершілікке негізделген теңіз күзетшілерінің дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы хабардар болады.

Фильмнің тұсаукесері алдағы уақытта қазақстандық телеарналардың бірінде өтеді.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02