Су тасқыны: 54 мың адам үйіне оралды

Аян Кайырбаев

Атырау облысында Жайық өзенінің бойында ұзындығы 346,2 км бөген салынды, деп хабарлайды Sarbaz.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Бұл су тасқынына қарсы үйінді бөгендер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді және судың Каспий теңізіне қауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді. Бүгінгі күні суды өткізу, алдын алу шараларын жүргізу үшін 37 елді мекенде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Құрманғазы ауданында 1 км бөген салу қалды. Салынған бөгендерді қосымша нығайту жұмыстары жүргізілуде, жұмыстар жалғастырылуда. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде, оның біртіндеп көтеріліп жатқаны байқалады. Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттеріндегі су деңгейі шектік белгідлен асып түсті. Жағдай бақылауда. Құлсары қаласында су басқан үйлерден су сору жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 66 044 текше метр су сорылды.
Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 333 070 текше метр еріген қар суы сорлып, 165 тұрғын үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, 111 құрғатылған үйде дезенфекциялық жұмыстар жүргізілді. Петропавл қаласының Борки кенті мен Карьерная көшесінде су басқан үйлер жоқ. Күн сайынғы  аэровизуалды тексеру және құрғатылған аумақты дезенфекциялау жұмыстары жалғастырылуда.
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары және Торғай өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Өткен тәулікте Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 3 200 қапшық пен 217 тонна инертті материал төселді, ұзындығы 640 метр салынған бөгендер нығайтылуда.
Республика бойынша 18,5 млн еріген қар суы сорлып, 11 134 тұрғын үй мен 3 350 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 54 755 адам өз үйлеріне оралды. 5 291 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 7 537   адам, 997 техника, 297 су сору құралы және 55 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Бүгін, 14:41
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00