Украинада түрмеде отырған 20 мыңға жуық адам мобилизациялануы мүмкін – BBC

Түрмеде отырғандарды мобилизациялау ерікті түрде жүргізіледі

Украинаның әділет министрі Денис Малюська түрмеде отырған 10 мыңнан 20 мыңға дейін адам мобилизациялануы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Денис Малюська бұл мәселе жайлы Жоғарғы Рада сотталғандардың жекелеген санаттарын жұмылдыруға рұқсат беретін заңды қабылдағаннан кейін көп ұзамай айтты.

Денис Малюська тұтқындарды майданға жіберумен Ресей билігі де айналысқанын айтып өтті.

«Егер мен параллель жағдайларды көрмесем, соқыр болар едім. Бұл ретте тәсілдердің айырмашылығына көңіл бөлейік. Олар мәжбүрлі түрде мобилизациялайды. Сол сияқты ешкімді дайындықсыз жібереді. Ал дайындықсыз оларды өлім ғана күтіп тұр», - деді Денис Малюська.

БАҚ-тың мәліметінше, Ресейде тұтқындарды мобилизациялау ерікті түрде жүргізілді. Бірақ соғыстың алғашқы кезеңінде оларға алты ай соғысу туралы ұсыныс жасалды, ал одан кейін рақымшылыққа ұшырап, босатылуы керек болатын. Кейінірек сотталғандар Ресей қорғаныс министрлігімен соғыс аяқталғанға дейін және рақымшылыққа ілінбей, тек шартты түрде босату арқылы келісімшартқа отыра бастады.

Енді Украинада соғыспақшы болған тұтқындарды не күтіп тұр?

Рада қабылдаған заң қасақана кісі өлтіру, зорлау, сексуалдық зорлық-зомбылық сияқты ауыр қылмыстар үшін сотталғандарды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін сотталғандарды мобилизациялауға тыйым салады.

Шектеулер сыбайлас жемқорлық үшін сотталған шенеуніктерге де қатысты. Алайда, заңның соңғы редакциясында абайсызда кісі өлтірген адамдарға (мас немесе дәрі-дәрмектің әсерінен мұндай қылмыс жасағандарды қоспағанда) Украина Қарулы Күштерінде қызмет өткеру үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға рұқсат етілді.

Сотталғандарды жұмылдыру тек сот шешімімен ғана мүмкін болады және әскери бөлім командирінің келісімімен адамның ерікті шешімі болуы керек. Тұтқын психикалық жағдайы мен денсаулығына байланысты Украина Қарулы Күштерінде қызмет етуге жарамды болуы керек. Оның жаза мерзімінің аяқталуы үш жылдан аспауы керек.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59