Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, тоқтатпақ болғанда сарбаз оқ жаудырған

Аян Кайырбаев

Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Ақ Жайық сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, тоқтатпақ болғанда сарбаз оқ жаудырған. Осыдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлер «Арлан» арнайы жасақтары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетін көмекке шақыруға мәжбүр болған.

Осы жылдың 18 сәуірінде Ақмола облысынан шақырылған сарбаз өзімен бірге АК-74 автоматы мен 120 дана оқ-дәрі алып кеткені белгілі болды. Ол 7 мамырдан 8-іне қараған түні 41433 әскери бөлімнен қашып кеткен.

Қазіргі уақытта сарбаз қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды.

2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің бекітілген қаруымен қысқа мерзімге өз бетінше шығып кету фактісі тіркелді, - деп хабарлады Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19