Ұлы Отан соғысы туралы қазақстандық фильмдер

Биыл Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 79 жыл толып отыр

Аян Кайырбаев

Жеңіс күні қарсаңында Sarbaz.kz назарларыңызға Ұлы Отан соғысы туралы қызықты қазақстандық фильмдердің тізімін ұсынады.

Тірі оралуға бұйрық

Фильмде Ұлы Отан соғысына қатысушылардың басынан өткен ауыр оқиғалары суреттеледі. Арада көп жылдар өткенде екі ардагер мектепте кездеседі. Соғыс кезінде болған оқиғадан кейін олар бір-бірін 70 жыл көрмеген және фильм сол естеліктерге негізделген.

Таңдау құқығы болмағанда

Басты кейіпкердің прототипі Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде соғысқан әйгілі кеңес диверсанты – Қасым Қайсенов. Бұл жолы Қасымның алдында немістің жанармай қоймасын жару міндеті тұрады. Бірақ Қасыммен бірге жау жерінде жүрген диверсиялық топ мерт болады. Енді Қасымға тек жергілікті тұрғындар ғана көмектесе алады.

Бауыржан Момышұлы

«Бауыржан Момышұлы» мини-сериалының сюжеті Александр Бектің әңгімесіне негізделген. Фильм авторлары Бауыржанның генерал Панфиловпен танысып, фильмнің басты кейіпкері батальон бастығы болып тағайындалған кезден бастап шынайы өмірін көрсетуге тырысқан. Түсірілім жұмыстарының бір бөлігі Минсктегі «Беларусьфильмде» өтті.

1941 жылдың жазы

Ұлы Отан соғысының басталуы. Лейтенант Әди Шәріпов өз взводымен бірге полк штабының шегінетін жерін жауып, жау шебінің артында қоршауда қалады. Жау отрядты батпаққа ығыстыра бастайды. Белгісіз қорқыныш, үмітсіздік пен күмән жауынгерлерді дұшпан оғынан да тезірек жойып жіберетіндей жағдайға жеткізеді.

__Последние новости