Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды

Қазіргі уақытта қырғыз-тәжік секторындағы жағдай тұрақты деп сипатталады

Аян Кайырбаев

Мемлекеттік шекараның Қырғызстан-Тәжікстан учаскесінде атыс қаруын қолдану оқиғасы болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Шекара қызметінің ақпарат және коммуникациялар басқармасының хабарлауынша, шамамен сағат 12:20-да Баткен облысы Лейлек ауданы Ақ-Босого ауылы маңында Қырғызстан шекарашысы Тәжікстан азаматтары – шопандарды байқаған. Олар Қырғыз Республикасының аумағында мемлекеттік шекара сызығынан 250-300 метр қашықтықта мал баққан.

Тәжікстан азаматтары шекарашылардың Қырғызстан аумағынан шығып кету талаптарын елемей, әскери қызметкерлерге тас лақтыра бастады. Шопандардың бірі Қырғыз Республикасының шекара наряды бағытында бірнеше рет оқ атқан.

Жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін Қырғызстан шекарашылары ескерту ретінде аспанға оқ атқан, содан кейін шопандар Тәжікстан аумағына қашып кеткен.

Қырғыз Республикасының шекарашылары арасында зардап шеккендер жоқ. Расталмаған мәліметтер бойынша, Тәжікстан Республикасының бір азаматы аяғынан жарақат алған.

Алайда жарақаттың нақты қай жағдайда, қашан және қай жерде алынғаны белгісіз, өйткені Тәжікстанның құқық қорғау органдары фото ғана ұсынды, – деп атап өтті Шекара қызметі.

Тараптардың шекара өкілдерінің кездесуі күтілуде. Қазіргі уақытта қырғыз-тәжік секторындағы жағдай тұрақты деп сипатталады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Қортынды тексеріс

Бүгін, 10:02
Админ
  • Басты назарда

Тактикалық-арнайы жаттығу

16/04/2025 - 09:14
  • Басты назарда

«Сардар» қалалық кешенді олимпиадасы

15/04/2025 - 16:01
  • Басты назарда

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

15/04/2025 - 10:56
  • Басты назарда

«Жігіт сұлтаны» байқауы

14/04/2025 - 16:00
  • Басты назарда

127 сарбаз запасқа шықты

14/04/2025 - 15:13
  • Басты назарда

«Наурыз» жарысы

13/04/2025 - 16:59
  • Басты назарда

Әскери бөлімдегі алдын-алу шарасы

13/04/2025 - 15:18
  • Басты назарда

Гарнизондағы түсіндіру сабағы

13/04/2025 - 15:17
  • Басты назарда

Тарихи танымын кеңейтті

13/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Әскери бөлімнің мерейтойы

12/04/2025 - 17:57
  • Басты назарда

Жауынгерлік техника мұражайы ашылады

12/04/2025 - 10:45
  • Басты назарда

Семейден Ақтауға аттанды

12/04/2025 - 10:09
  • Басты назарда

Самбо – өзін-өзі қорғау өнері

11/04/2025 - 14:42
  • Басты назарда

Парадқа дайындық барысы тексерілді

11/04/2025 - 14:39