Ерлікпен қаза тапқан офицердің есімі 31 жылдан кейін ұлықталды

31 жылдан соң жеткен марапат: ІІМ-де ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімі ұлықталды

Аян Кайырбаев

Ішкі істер министрлігінде Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күндері атап өтілді. Ел амандығы үшін күні-түні қызмет етіп жүрген сақшылар мен айбынды ардагерлерге құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні – рухы жағынан бір-бірін толықтыратын, ұрпаққа сабақ болатын қос тарихи күндер. Кешегі жау оғынан қорғаған майдангерлер, тыл еңбеккерлері және бейбіт заман батырларының ерліктерін ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз! – деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Айтулы күні Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмат Рахимов “Құрмет” орденімен марапатталды. Сұрапыл соғыста табандылығымен елді жаудан қорғаған ақсақал бүгінде 100 жасқа толып отыр. Тәуелсіздік жылдары қызмет бабында ішкі істер органдарының 800-ден астам қызметкері көз жұмған. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданы Ішкі істер басқармасының аға инспекторы Анатолий Добрынин. Ол 1993 жылы полиция ғимаратына жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру кезінде қаза тапты. Қасындағы әріптесі Серік Оразалинмен бірге қаскөйлерге қарсы тұрып, табельдік қаруды басып алуға жол бермеді. – Екі офицердің әрекеті жоғары бағаланып, мемлекеттік наградалар өз батырларын 31 жылдан кейін тапты. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Архивтерді зерделейміз. Ерліктері бағаланбай, көлеңкеде қалып қойған батырлардың есімдерін ұлықтайтын боламыз! – деді Ержан Саденов.

Марқұм Анатолийдің марапатын – “Ерлігі үшін” медалін бауыры Юрий Добрынин алды. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Елім дейтін ерлердің құрметіне әуезді әндер шырқалып, күмбірлеген күй де төгілді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59