Елордалық мектепке Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді

Аян Кайырбаев

Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында Астана қаласының № 44 орта мектебінде салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Оған Қорғаныс министрлігінің, Астана қаласы білім басқармасының өкілдері, Қарулы күштердің, Ауған соғысының ардагерлері, мектеп басшылары мен оқушылары және Рақымжан Қошқарбаевтың туыстары қатысты.

Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев биылғы жылы Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов пен Рейхстагқа ту тіккен батыр, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы екенін еске салды.

 Іс-шараның бәрі Үкімет бекіткен кешенді жоспар шеңберінде өткізіледі. Оның бәрі Отан қорғаушылардың бүгінгі және болашақ ұрпағы үшін үлгі болып табылатын қазақтың батыр ұлының есімін мәңгілікке қалдыруға арналған. Даңқты батырдың есімін алу құрметті әрі жауапкершілігі жоғары, – деп атап өтті ол.

Мектеп ұжымы мен оқушылары үшін маңызды оқиға Рақымжан Қошқарбаевтың мемориалдық тақтасы мен батыр атындағы алғашқы әскери-технологиялық даярлық сыныбының ашылуы болды.

Біз атамыздың есімін мектепке бергеніне қуаныштымыз. Ол кісінің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Көзі тірісінде ол соғыс туралы айта бермейтін. Әрқашан бейбітшілікті тіледі. Біздің көк туымыз әрдайым желбірей берсін, – деді Рақымжан Қошқарбаевтың немересі Маржан Нұрмағамбетова.

Іс-шара соңында құрмет қарауыл ротасы қару-жарақпен дефиле көрсетті, ал оқушылар Рақымжан Қошқарбаевтың өмірінен көріністер сахналады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30