CBS: Каирдегі ХАМАС пен Израиль арасындағы келіссөз нәтижесіз өтті

Израиль Каирдегі ХАМАС-пен келіссөздерге қатысудан бас тартты, өйткені олар Иерусалимнің ұсынысына жауап бермеді

Аян Кайырбаев

Кеше Каирде басталған Газа секторындағы атысты тоқтату және израильдік тұтқындарды босату туралы Израиль мен ХАМАС тобы өкілдерінің жанама келіссөздерінің бірінші күні ешқандай нәтиже бермеді. Бұл туралы америкалық CBS News телеарнасы өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Телеарнаның хабарлауынша, Израиль бұған дейін ХАМАС-қа 40 азаматты босатып, Газа секторында 6 апталық атысты тоқтату туралы ұсыныс жасаған. Осы ұсыныс орындалмағанша, ешқандай келіссөздерге делегация жібермейтінін мәлімдеді. 

Мысырдың AlQahera News телекомпаниясының ақпаратынша, ХАМАС өз тарапынан Израиль қорғаныс күштерінің (ЦАХАЛ) Газа секторындағы әскери операциясын толық тоқтату және Израиль әскерін аймақтан шығару туралы келісімді талап етіп отыр.

Каирдегі келіссөздер басталардан бір күн бұрын америкалық The Wall Street Journal газеті Израиль ХАМАС-қа ультиматум қойғанын жазды. Яғни егер 7 күн ішінде ХАМАС-пен атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілмесе, Израиль армиясы Рафахта операция бастайды.

Газа секторының оңтүстігіндегі қала – ХАМАС-тың аймақтағы соңғы бекіністерінің бірі. Дегенмен Израиль ақпан айынан бері халықаралық қысымның салдарынан Рафахқа әскер жіберуді кейінге қалдырып келеді. Қаланы Газа секторының солтүстігінен көшуге мәжбүр болған 1,3 миллионға жуық палестиналық паналап отыр.

Халықаралық қауымдастық пен Израильдің бірқатар одақтастары Рафахқа әскер жіберу идеясын сынға алады. Өйткені бұл палестиналық бейбіт тұрғындардың жағдайын нашарлатуы мүмкін. Ал халықты БҰҰ-ның Халықаралық Сотының бұйрығымен қорғауға міндетті.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху келіссөздерде ілгерілеушілік болмаған жағдайда Израиль армиясының атысты тоқтату келісіміне қол жеткізілгеніне қарамастан Рафахта операция жүргізетінін айтты. Израиль көшбасшысының айтуынша, «ХАМАС-пен соғыс барлық мақсатына қол жеткізілгенге дейін жалғасуы керек. Ал негізі мақсат – террористік топты толығымен жою». 

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59