Қазақстанда прокуратураның араласуынан кейін заңсыз ұсталған 449 адам босатылды

515 адамға қатысты үкімдерді қайта қарау басталды, 10 адам ақталды

Аян Кайырбаев

Президент Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және қадағалау қызметінің басым бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстардың негізгі қорытындысы жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал және қылмыстық-құқықтық салада азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы жөнінде мәлімет берілді. Прокурорлар тергеу орындары заңсыз қамауға алған 449 адамды босатты. Сондай-ақ 515 адамға қатысты шыққан үкімді қайта қарау жөнінде бастама көтерді. Оның ішінде 205 сотталушының жағдайы жақсарып, 10 адам ақталды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына активтерді қайтару және қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары барысында прокуратура органдарының жасанды интеллектіні пайдалануы жөнінде баяндалды. Бас прокуратурада елден заңсыз шығарылған активтерді іздеу және ізіне түсу үшін қолданылатын «ақылды» аналитикалық платформаны пилоттық режимде сынап көру жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда қабылданған шаралардың, соның ішінде ақпараттық жүйелерді пайдаланудың нәтижесінде іздеуде жүрген 605 қылмыскер ұсталды.

Сонымен қатар бүгінде прокурорлар жүзеге асырылып жатқан 663 инвестициялық жобаға құқықтық кеңес беріп отыр. Биыл ел экономикасына 2,4 триллион теңге көлемінде инвестиция салған 148 инвестордың түйткілді мәселесі шешілді.

Президент шетелге заңсыз шығарылған активтерді іздеуге және қайтару үшін заманауи технологияларды кеңінен қолдану ісін жалғастыруды тапсырды. Мемлекет басшысы қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың және инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықтың құқықтарын прокурорлық қадағалау шараларымен тиімді қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті.

__Последние новости

  • Басты назарда

КЕЗДЕСУ: ҚОЛЫНАН КІТАП ТАСТАМАЙТЫН ҚОЛБАСШЫ

Кеше, 08:43
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02