Ресейде қылмыс жасағандар Украинамен соғысуға жіберілуі мүмкін

Жазасын түрмеде емес, майдан даласында өтейді

Ресейде қылмыстық іске қатысты күдіктілер енді түрмеге емес, Украинамен соғысуға бара алады. Бұл туралы «Комерсант» газеті заң қоғамдастығына сілтеме жасап жазады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Белгілі болғандай, тергеу әрекеттері кезінде сотталушыларға жазасын түрмеде өтеудің орнына әскерде қызмет ету перспективалары көрсетілген қағаздар беріледі. Әскерге шақырылғандармен келісімшарттарды әскерилер жасайды. Заңгерлердің пікірінше, бұл тәжірибені заңнамалық деңгейде бекіту керек.

«Түсіндіру» деп аталатын құжатта Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің нормалары бар. Тергеушілер ақпаратты күдіктіге береді. Нақтырақ айтқанда, тергеудегілер қарулы күштермен келісімшарт жасасып, мобилизация кезеңінде қызметке барса, қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға мүмкіндігі бар. Бұл ережелер лаңкестерге, Отанын сатқындарға, жаппай қырып-жою қаруын жасаушыларға және басқаларға қолданылмайды.

Қажетті ережелерді түсіндіргеннен кейін тергеуші тартылған адамды құжатта Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасқанын «Жақтау» немесе «Қарсы» көрсетуге шақырады. Одан кейін қағаз әскери бөлімге жіберіледі, егер жауапқв тартылған адам олар қойған талаптарға сай болса, тергеушілер бөлімше командирінен істі тоқтата тұру туралы өтініш алады.

«Тергеушілер күдіктілер мен айыпталушылар арасында әскери дайындықты өткізу жағдайында әскери қызметке келісімшарт жасасу үшін үгітші рөлін атқарады. Менің ойымша, бұл мүлде дұрыс емес, өйткені тергеудің міндеті – жалданушыларды тарту емес, қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді жинау», – дейді адвокат Роман Кандауров.

Тағы бір заңгер Александр Почуевтің айтуынша, жаңа көзқараспен «соттардың рөлі белгісіз болып, сот сатысы қылмыстық процестен мүлдем шығып кетеді».

Жұмысқа қабылдаудың жаңа тәжірибесі жаңа деп аталатын аумақтарда және олардың көршілес аймақтарында қазірдің өзінде қолданыста.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22