ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы тағайындалды

Хабарлама Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланды

Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша полковник Арман Мансұров ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды

Арман Нұрланұлы – Петропавл жоғары әскери училищесінің түлегі. 2010 жылы Санкт-Петербургтегі армия генералы Хрулев атындағы Тыл және көлік әскери академиясын және 2018 жылы Мәскеудегі Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірді.

Батальонның әскери-шаруашылық жабдықтарының бастығы, полк қызметінің бастығы, құраманың бастығы, полк және бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары, «Шығыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

Арман Мансұров Қарулы күштердің Тыл бастығы лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары болған.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02