Су тасқыны басталғалы 120 мыңға жуық адам құтқарылып, эвакуацияланды

Қазір 36 745 адам үйлеріне оралды

Админ

Азаматтық қорғау қызметтерімен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Sarbaz.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталуда. Су басқан саяжай аумақтарына мониторинг жүргізіліп жатыр.

Төтенше жағдайлар  және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарды патрульдеуде. 
 

«Атырау облысындағы жағдайға мониторинг жалғасуда. Су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Су тасқынынан қорғау мақсатында Атырау қаласында  бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 498 шақырымды құрайтын бөгеттерді нығайту жүргізілуде», - деді ТЖМ өкілі Асқар Шәріп.


Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6148 тұрғын үй мен 2 794 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Су тасқыны басталғалы бері 119 220 адам, оның ішінде 44 776 бала құтқарылып, эваакуацияланды.

Республика бойынша 36 745 адам өз үйлеріне оралды. 6 909 адам эвакуациялау пунктерінде. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 27 мыңнан астам адам жұмылдырылды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02