Қазақстан Үндістан және Пәкістан әскерімен әріптестік орнатуда

ШЫҰ кеңесі алаңында Үндістан делегациясының өкілімен хаттамалық кездесу өтті

Админ

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер қорғаныс ведомстволары басшыларының кеңесі барысында бірқатар екіжақты кездесулер өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрілігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Үндістан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Гиридхар Араманемен келіссөздер жүргізді.

Тараптар қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Әскери білім мен ғылым, жауынгерлік дайындық, бітімгерлік қызмет және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелеріне де ерекше назар аударылды. 

Кездесу соңында генерал-полковник Руслан Жақсылықов кеңеске қатысқаны үшін алғысын білдіріп, Үндістанның Қорғаныс министрі Раджнат Сингхке жылы лебізін жеткізді.

Сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшыларының кеңесінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пәкістандық әріптесі Хаваджа Мұхаммед Асифпен кездесті.

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Хаваджа Мұхаммед Асифті қорғаныс министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оған жемісті қызмет тіледі.

Тараптар әскери білім мен ғылым, жауынгерлік дайындық, бітімгерлік қызмет, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылдың нығаюына ынта танытты.

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Р. Жақсылықов әріптесіне ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысқаны үшін алғыс білдіріп, Пәкістан Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Асим Мунирдің Қазақстанға алдағы сапарының маңыздылығын атап өтті.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02