Германияда депутаттың көмекшісі Қытайға тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды

Ол Бейжіңге әскери мақсатта қолданылуы мүмкін технологиялар туралы ақпарат берген болуы мүмкін

Нұрқанат Омарұлы

Германияда депутаттың көмекшісі Қытайға тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды. Ұсталған Цзянь Гуо – Максимилиан Краның көмекшісі, ол «Германия үшін балама» партиясынан Еуропа Парламентіне алдағы сайлауда ең басты үміткер болады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Германия үшін балама» партиясынан неміс еуродепутаты Максимилиан Краның көмекшілерінің бірі Цзянь Гуо дүйсенбі күні Қытайға тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды. Хабарламада айтылғандай, ұсталған адам Еуропарламентте болып жатқан оқиғалар туралы ақпаратты Қытайдың Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігіне жіберіп отырған деген күдікке ілінген.

Еуропарламентке алдағы сайлауда «Германия үшін балама» партиясынан жетекші кандидат болатын Кра аталмыш оқиғаға қатысты түсініктеме берді:

«Бүгін таңертең менің штабымның мүшесі Цзянь Гуоның тұтқындалғаны туралы БАҚ-тан естідім. Менде қосымша басқа ақпарат жоқ. Шет мемлекеттің мүдесі үшін тыңшылық жасау аса ауыр айып. Егер кінәсі расталса, бұл Гуо мырзаны дереу жұмыстан шығаруға негіз болады», – деді Максимилиан Кра.

Цзянь Гуо дүйсенбі күні кешке Қытайға тыңшылық жасады деген күдікпен үш неміс азаматы ұсталғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң тұтқындалды. Прокуратураның мәліметінше, олар Бейжіңге әскери мақсатта қолданылуы мүмкін технологиялар туралы ақпаратты жинап жіберумен айналысқан.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19