АҚШ: Біз Ресеймен тікелей қарулы қақтығысқа бармаймыз

Миллер АҚШ президенті Джо Байденнің Украинадағы соғысты өршіту мәселесіне қатысты өз ұстанымын анық айтқанын баса жеткізді

Америка Құрама Штаттары Украинаны әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесімен қамтамасыз ете алмайды, өйткені «АҚШ Ресеймен қарулы қақтығысқа қатыспайды және оның пайда болуына жол бермеуге тырысады». Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Мэттью Миллер мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Біз Ресеймен қарулы қақтығыс жағдайында емеспіз, ол үшін Украина аспанында ресейлік шабуылдарға тойтарыс беретін америкалық ұшақ болуы керек. Ал біз Ресеймен тікелей қарулы қақтығысқа бармаймыз», - деді Мэтью Миллер.

Миллер АҚШ президенті Джо Байденнің Украинадағы соғысты өршіту мәселесіне қатысты өз ұстанымын анық айтқанын баса жеткізді.

«Менің ойымша, біз Америка Құрама Штаттары мен Ресей арасында тікелей қарулы қақтығысқа бармауымыз Америка халқының мүддесіне сай келеді, өйткені біз үшінші дүниежүзілік соғысты қаламаймыз», - деді департамент өкілі.

Миллер өз сөзінде Израиль мен Украинаға көмек көрсету тәсілдерінің айырмашылығын атап өтті.

«Біздің Израильмен қауіпсіздік саласындағы серіктестігіміз ондаған жылдарға созылған. Біз оларға екі жылдық қақтығыс үшін ғана емес, ондаған жылдар бойы тікелей әскери көмек көрсетеміз, біздің және израильдік әскерилер арасындағы ұзақ мерзімді, ауқымды байланыстарды сақтаймыз. Украина басқа позицияда, өйткені бізде осы қақтығысқа дейін бірнеше ай бұрын олармен мұндай келісім болған жоқ», - деді Миллер.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский НАТО елдерін Украина аспанын Израиль сияқты қорғауға шақырған болатын.

Айта кетейік, 14 сәуірде Иран Израильге жаппай шабуыл жасады. АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Иордания елдерінің әскери қызметкерлері Израиль аспанын қорғауға және соққыларды тоқтатуға көмектесті.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19