Мәжіліс: 25 жасқа толмағандардың құмар ойын ойнауына тыйым салынады

Құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу жасы 21-ден 25 жасқа көтеріледі

Мәжіліс ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобалары Мемлекет басшысының құмар ойындарға тәуелділікке қарсы күресті күшейту туралы тапсырмасы аясында әзірленді. Оған депутаттар бастамашы болды. Бұл туралы Sarbaz.kz Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Заң жобасы бойынша жеке тұлғалардың құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу жасы 21-ден 25 жасқа көтеріледі. Сонымен қатар алимент және несие берешегі өтелмеген азаматтардың, яғни борышкерлердің бірыңғай реестрінде тұрған тұлғалардың құмар ойын ойнауына тыйым салынады.

Аталған санаттарға заңсыз ойын ойнауға мүмкіндік берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушылар құмар ойындар мен бәс тігудің тәуекелдері мен зияны туралы хабарлауға міндеттеледі. Мұндай ақпарат ойын мекемелерінде, ғимараттарда, билет кассаларында және букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың электронды кассаларында, казино кассалары мен ойын автоматтары залдарында, сондай-ақ өздерінің интернет-ресурстарында орналастырылуы тиіс. Талаптарды орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30