21 сәуір – Құрлық әскерлерінің құрылған күні

Қарулы күштердің бұл ауқымды түрі 1993 жылы сәуірде құрылды

Админ

Қарулы күштердің бұл ауқымды түрі 1993 жылы сәуірде Орта Азия әскери округінің 40-шы жалпыәскери армиясының базасында құрылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрлық әскерлері елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау үшін әскерлердің жауынгерлік әзірлігін қолдауда негізгі міндет атқарады. Олар қажет болған кезде техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою мен мемлекеттік және әскери нысандарды күзетуге де қатысады.

Құрлық әскерлерінің құрамына «Астана», «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі кіреді.

Әскер түрі қару-жарақ пен әскери техниканың, жоғары дәлдіктегі қарулардың, байланыс, барлау және автоматтандырылған басқару жүйелерінің қазіргі заманғы үлгілерімен жабдықталған. Еліміздің қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарында Т-72 танктерін, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жылжымалы басқару пунктерін және бақылау-тексеру машиналарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, әскерлерде бірқатар бағыттар бойынша жауынгерлік дайындық бағдарламалары қайта қаралды. Зерттеу оқу-жаттығулары барысында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдері сынақтан өткізілуде. Жалпы жауынгерлік дайындықтың қарқындылығы бірнеше есе өсті деп айтуға болады.

Құрлық әскерлерінің жеке құрамы республикалық «Шығыс», «Батыл тойтарыс», «Айбалта», «Көкжал», халықаралық «Өзара іс-қимыл», «Мызғымас бауырластық, «Бейбіт миссия», «Іздеу», «КазИнд» және басқа да көптеген оқу-жаттығуларға қатысты.

Биыл «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің әскери қызметшілері «Пәкістан армиясының командалық рухы – 2024» халықаралық жарысында далалық машықтың, психологиялық тұрақтылық пен күш-қуат төзімділігінің жоғары деңгейін көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Әскери кадрларды, әсіресе зымыран әскерлері мен артиллерия мамандарын, барлаушыларды, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, инженерлік әскерлер, радиациялық және химиялық қорғаныс мамандарын дайындау жүйесін жетілдіруге көп көңіл бөлінуде.

Қарулы күштердің бұл түріне кадр дайындау Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында, Ақмола облысының Щучинск қаласындағы әскери колледжде және Гвардейск гарнизонындағы кіші мамандар дайындайтын Оқу орталығында жүзеге асырылады.

Жоғары ұтқыр, техникалық тұрғыда жабдықталған және жауынгерлік қабілетті Құрлық әскерлері елдің егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның азаматтарының бейбіт өмірін қорғауға әрдайым дайын.

Су тасқынынан туындаған төтенше жағдайда әскери қызметшілер ел аймағында тұрғындарға көмек көрсетіп, елді мекендер мен маңызды инфрақұрылым нысандарын қорғау міндеттерін орындап жатыр.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30