Су тасқыны: Зардап шеккендерге қандай баспана берілетіні белгілі болды

Тұрғын үй мәселелерін жедел шешудің нақты тетіктері әзірленді

Админ

Зардап шеккен жұрттың баспана мәселесін шешу үшін су басқан үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Техникалық байқау қорытындысы негізінде жөндеу жұмыстарына әкімдік мердігерлері тартылады немесе үй иелері өтемақы есебінен өз үйлерін өз бетінше жөндеуге де мүмкіндік алады. 

Ал егер үйді қалпына келтіру мүмкін болмаса, мемлекет бұл мәселені шешудің екі жолын ұсынады: жаңа тұрғын үй салу, сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығында дайын тұрғын үйді сатып алу. 

Сонымен қатар азаматтардың баспананы өз бетінше таңдауға мүмкіндігі болады, бұл жерде бекітілген стандартты жобадан аспайтын шығындардың лимиті бар. Бұл турады ӨҚМ ресми өкілі Меруерт Ибраева ОКҚ алаңында хабарлады.

Су тасқыны орын алған аймақтардағы саяжай тұрғындары да, бұл олардың жалғыз үйі болса, назардан тыс қалмайды. Мүлік иелігін растайтын құжаттары сақталмаған жағдайда да мемлекет оларды баспанамен қамтамасыз етеді. 

Тұрғын үй құрылысы уәкілетті орган мен әкімдіктер бекіткен үлгілік жобаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Тұрғын үй құжаттары болмаған жағдайда меншік құқығын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, әлеуметтік қорғау, ішкі істер және денсаулық сақтау органдары растайды. Жаңа тұрғын үй салу үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі үш климаттық шағын аудан бойынша мынадай параметрлермен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған типтік жобаларды әзірледі. 1. Ауданы 80 ш. метр бір отбасылық тұрғын үй. Құрылыстың болжамды мерзімі – 1,5 ай. 2. Ауданы 160 ш. метр екі пәтерлі тұрғын үй. Құрылыстың болжамды мерзімі – 2,5 ай, - деді спикер.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39