Қарағандылық офицердің суреті АҚШ қарулы күштерінің күнтізбесіне енді

Ол бірнеше жыл бұрын Иорданиядағы АҚШ Әскери-теңіз күштерінің базасында тілдік дайындықтан өткен

АҚШ Орталық қолбасшылығының жылдық күнтізбесі беттерінде қарағандылық офицердің суреті жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қарағандылық медицина қызметінің майоры Ернар Садықов бірнеше жыл бұрын АҚШ әскери-теңіз күштерінің Иорданиядағы «Bagger» базасында тіл үйрену курсынан өткен.

«Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысады. Нәтижесінде офицерлер мен сержанттарды іріктеу және тиісті дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сөйтіп, бірнеше әріптесіммен Алматыдағы бітімгершілік операциялар орталығында алты ай бойы ағылшын тілін қарқынды түрде оқыдық. Осыдан кейін біз сол кезеңге Пәкістан Ислам Республикасының Ұлттық қазіргі тілдер университетіне жіберілдік, онда біз Таяу Шығыс халықтарының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін және Пәкістан армиясының БҰҰ миссияларына қатысуын зерттедік», - деді әскери дәрігер.

Заманауи шайқаста медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың практикалық тәжірибесі үшін әскери қызметкерлер Иордания Хашимит Корольдігінде халықаралық әскери-теңіз жаттығуларына қатысты. Оларға 10 елдің әскери қызметкерлері жұмылдырылды.

«Жаттығуларды ұйымдастырушылар мен жетекшілер әрбір қатысушының кәсіби дайындығына жеке баға бере отырып, қазақстандық өкілдерді ерекше атап өтті. Ал достық пен ризашылықтың белгісі ретінде біз фотосуреттерімізді АҚШ Орталық қолбасшылығының жылдық күнтізбесіне орналастырдық», - деді майор Садықов.

Оның айтуынша, суретте Қазақстан мен Иордания әскери дәрігерлерінің бірлескен жұмысының бір сәті түсірілген.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

Бүгін, 15:19
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

Бүгін, 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

Кеше, 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11