Су тасқынына қарсы бір тәулікте 2 мыңнан астам әскери қызметші тартылды

Сондай-ақ 137 әскери техникасы, 4 армиялық авиация тікұшағы, 1 әскери-көліктік авиация жұмылдырылды

Админ

Республикалық ақпараттық штабта өткен брифинг барысында ҚР ҚМ ресми өкілі Руслан Жангулин Қарулы Күштердің су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпаратты сұынды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Өткен тәулікте су тасқынына қарсы іс-шараларға ҚР Қарулы күштерінен 2 262 әскери қызметші, 137 әскери техникасы, 4 армиялық авиация тікұшағы, 1 әскери-көліктік авиация жұмылдырылды. Армиялық авиация елді мекендерден 113 адамды эвакуациялады. 40 адам және 11 тонна жүк тасымалданды.

Атырау қаласында жергілікті жер учаскелері мен тұрғын алабының болжамды су басуын болдырмау үшін жедел штабтың шешіміне сәйкес «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 406 адамнан тұратын жеке құрамы мен 25 бірлік әскери техникасы жұмылдырылды. Қарулы күштер жеке құрамының күшімен өткен тәулікте өзен-көлдердің және елді мекендердің жағасына 96 000-нан астам құм төселді, - деді ведомствоның ресми өкілі.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысында Ойыл кенті ауданындағы паром өткелімен тәулігіне 9 паром рейсі жасалды. 75 адам эвакуацияланып, 35 бірлік көлік, 3 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Атырау облысында Махамбет кентінің периметрі бойынша, Жайық өзені арнасының бойына құм салынған қаптар төселді. Жем өзені арнасының жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілді.

Ақтауда екпінді ұшқышсысыз ұшу аппаратының көмегімен Жайық өзенінің арнасындағы жергілікті жерді аэробақылау және барлау жүргізуде.

Батыс Қазақстан облысында Қарулы күштердің әскери қызметшілері құм салынған қаптарды дайындау және төсеу, Жайық өзенінің жағалауы бойындағы бөгетті нығайту, Ақжайық ауылдық округіндегі Елек өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізді. 

Петропавл қаласында әскери қызметшілер қала маңындағы айналма жолды нығайту, Бескөл кенті ауданындағы бөгетті күшейту, елді мекендерден адамдарды эвакуациялау міндеттерін орындады. 

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22