БҚО-да 300-ден астам десантшы су тасқынымен күресуде

Десантшылар Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Магистральный кентінде Жайық өзенінің жағасын нығайту жұмыстарын жүргізуде

Админ

Жайық өзені Магистральный ауылының тұсында екі шақырымнан астам аумаққа жайылды. Тасқын су тұрғын үйлерге қауіп төндірді. Жайық өзенінің жағасын нығайтып жатқан еріктілер мен жергілікті тұрғындарға десантшылар көмекке келді, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Татьяна Исакова 15 жылдан бері Магистральный кентінде тұрады. Ол осы уақыт ішінде мұндай көлемдегі су тасқыны болмағанын айтады. 

Басында судың бізді айналып өтетініне сенімді болдық. Бірақ қарқыны қатты тасқын су жақындап келеді. Тұрғындарды үрей биледі. Бұл шынымен де қорқынышты еді. Әкімдік бөгет салу жұмыстарын ұйымдастырды. Оған барлық жасөспірімдер, әйелдер мен қаладан келген еріктілер қатысты. Ал бүгін немерелерім жүгіріп келіп, сарбаздар келіп жатқанын айтты. Олар қазір бәрі жақсы болатынына сенімді. Өйткені біздің осындай қорғаушыларымыз бар. Аздап тынышталдық, бәрі жақсы болатынына сенімдімін, – дейді Татьяна Исакова.

Жұмыс аумағы екі жарым шақырымды құрайды. Биіктігі – төрт метр. Алдымен арнайы техника жағалауды биіктетіп, үйінді құрайды. Содан кейін бұл үйіндіге құм салынған қапшықтар төселіп, берік целлофан пленкамен жабылады. Қолдан жасалған бөгет сол қапшықтармен нығайтылады. Бөгет салу үшін шамамен бес мың қап құм қажет. 

11 сәуірде Қорғаныс министрінің нұсқауымен Батыс Қазақстан облысына Алматы, Жетісу гарнизондарынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 300-ден астам әскери қызметшісі келгенін естеріңізге саламыз. Олардың міндеті – су тасқынына қарсы күресте жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету. Десантшылар Жайық, Көшім және Дерқұл өзендерінің жағалауларын нығайтуға жұмылдырылған.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59