Ресей «бейбіт келіссөздерге» дайын екенін тағы да мәлімдеді

Мәскеу Киевпен екі жыл бұрынғы Ыстамбұл форматындағы келіссөздерге қайта оралуға дайын екенін айтты

Админ

Швейцария 15-16 маусымда өтетін Украина бойынша бейбітшілік саммитіне ресейлік өкілдерді шақырудан бас тартқаннан кейін Кремль Украинаның өз территорияларынан бас тартуын көздейтін «бейбітшілік келіссөздеріне» дайын екенін тағы да жариялады, деп хабарлайды dw.com сайты.

Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Ыстамбұлда 2022 жылдың ақпан және наурыз айларында өткен келіссөздерді еске түсіріп, «Стамбул келісімдері» жаңа келісімдердің басталуына «негіз» бола алатынын айтты.

Түркияда Ресей тарапы Украинадан заңсыз аннексиялап алынған Қырымды Ресейдің территориясы деп, ал ресейшіл сепаратистер бақылауындағы «ДХР» мен «ЛХР» деп аталатын жерлерді тәуелсіз республикалар деп тануын талап етті.

Екі жылға созылған келіссөздерге сілтеме жасай отырып, Песков Ресейдің ұстанымы өзгеріссіз қалғанын растады. Бар айырмашылық соғыс кезінде Мәскеу Украинаның төрт аймағын өз территориясы деп жариялап, оларды Конституцияға «жаңа субъектілер» ретінде енгізді. 

Әзірге жағдай өзгерген жоқ. Украина президенті Ресей Федерациясымен қандай да бір келіссөздер жүргізуге тыйым салған. Сондықтан әлеуетті келіссөздер жүргізуге қатысты қазір қандай да бір сұрақтар жоқ, – деді Песков.

Айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, бейбіт келіссөздер басталуы үшін ресейлік әскер Украинаның 1991 жылғы шекарасынан шығарылуы қажет.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02