Байден Иранға Израильге шабуыл жасау әрекетіне қатысты ескерту жасады

Президент Тегераннан Израильге шабуыл күтетінін айтып, Иранды «мұндай қадамға бармауға» шақырды

Админ

Президент Джо Байден Иранның Израильге шабуыл жасауын күтетінін айтты және Тегеранды ескертті, деп хабарлайды Sarbaz.kz golosameriki.com сайтына сілтеме жасап.

Журналистердің Иранға не айтқысы келетіні туралы сұрағына Байден: «Мұны істемеңіздер» деп жауап берді. Президент Вашингтонның Израильді қорғауға деген ұмтылысын ерекше атап өтті.

Біз Израильді қорғауға дайынбыз. Біз Израильді қолдаймыз. Біз Израильді қорғауға көмектесеміз және Иран табысқа жете алмайды, – деді ол.

Дамаскідегі Иран елшілігі кешеніне жасалған шабуылға жауап қайтарылатыны туралы жаңа ескертулерге байланысты Израиль Иран немесе Иран бақылайтын топтардың шабуылына дайындала бастады. Бұл соққыдан Құдыс күштерінің (Ислам революциясы Сақшылар корпусының бөлімшесі) аға қолбасшысы мен тағы алты офицері қаза тапты.

Израиль 1 сәуірдегі әуе шабуылына жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Бірақ Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи бұл операция үшін Израиль «жазалануы керек және жазаланады» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл операция Иран территориясына жасалған шабуыл саналады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19