Көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында 1300-ден астам алматылық шақырылатын болады

Олардың қатарында ағайынды егіздер Шынболат пен Жанболат Талғатұлы да бар

Админ

Көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына 18-27 жас аралығындағы 1300-ден астам алматылық шақырылатын болады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың қатарында ағайынды егіздер Шынболат пен Жанболат Талғатұлы да бар. Бірге қызмет етуге шешім қабылдаған екі егіз Алматы қаласы Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына өз еріктерімен барған. 

Оларды сыртқы ұқсастығынан бөлек, көп нәрсе біріктіреді деуге болады. Екеуі де таэквондомен айналысады. Бірнеше жарысқа қатысып, жеңімпаз атанған. Сонымен қатар егіздер Алматы полиграфия колледжін «Баспа машиналарының операторы» мамандығы бойынша бітірген. 

Егіздерді әскер қатарына шығарып салуға туыстары мен достары көптеп жиналды. 

Әскердегі қатаң талаптан қашпаймыз. Біз тәртіпке үйренгенбіз. Спортпен шұғылдана жүріп, табыстың негізі – тәртіп деген сенімге келдік, –дейді Жанболат Талғатұлы.

Қазірдің өзінде кейбір командалардың Мемлекеттік күзет қызметінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Қарулы күштер бөлімшелерінің бір бөлігін қоса алғанда, әскерге шақырылушылармен жасақталғанын айта кету керек.

Ағайынды егіздер Шынболат пен Жанболат Талғатұлының шешімі азаматтық жауапкершілік пен борыш сезіне білудің жарқын үлгісі болып табылады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19