The Times: Украина сарбаз жетіспегендіктен әскерге әйелдерді шақыруға мәжбүр

Украина Қарулы Күштерінің кеңесшісі Григорьева Израильдің үлгісі бойынша әскерге әйелдерді шақыруды ұсынды

Админ

Украина Израиль сияқты әйелдерді армияға шақыруы керек. Бұл қадам армиядағы кадр тапшылығы мәселесін шешеді, деді Украина Қарулы Күштері Құрлық әскерлері қолбасшысының гендерлік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Оксана Григорьева The Times басылымына берген сұхбатында.

Үкіметтің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Украина Қарулы Күштерінде 65 мың әйел қызмет етеді. Бұл Ресеймен толық ауқымды әскери қақтығыс басталғанға дейін 2021 жылмен салыстырғанда шамамен 40%-ға көп. Олардың барлығы дерлік еріктілер. Өйткені медициналық мамандықтары барлар міндетті түрде әскери қызметке тіркелу керек болғанымен, әйелдерді міндетті түрде шақыру жоқ, - деп жазады басылым.

Дегенмен әскерге әлі де жүздеген мың ер адам қажет. Осығай орай Құрлық әскерлері қолбасшысының гендерлік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Оксана Григорьева Украина таяу жылдары әйелдерді майданға күштеп жұмылдыруға дайындалуы керек деді.

Конституциямыз бойынша әрбір украиналық өз Отанын қорғауы керек екені жазылған, сондықтан әйелдердің де қызмет еткені дұрыс болар еді. Солтүстіктегі көршіміз жайдан-жай жойылып кетпейді. Жүздеген жылдар бойы олар бізге бірнеше рет шабуыл жасады. Израиль сияқты біз де бұған дайын болуымыз керек, бұл ерлерді де, әйелдерді де соғысқа дайындауды білдіреді, - деді Григорьева The Times газетіне берген сұхбатында.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19