Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алу үшін 405 млн теңге бөлінді

Үкімет Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алу үшін қаражат бөлді

Үкімет қаулысымен су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қостанай облысы Арқалық қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаражат 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің төтенше резервінен бөлінді. Қаржыландыру ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы комиссияның бағалауына сәйкес Арқалық қаласында үйлері қалпына келтіруге келмейтін отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін нысаналы трансферттер түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді.

Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайы Республикалық штабтың бақылауында. Бүгінде үлкен судың қарқыны бәсеңдеп, қауіптің беті қайта бастады. Қалалық және аудандық әкімдіктер табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан мүлкі бүлінген азаматтардан материалдық шығынды өтеу туралы өтініштерді тіркеді. Бағалау комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша шешім қабылданды. Сонымен бірге Арқалық қаласында және басқа да елді мекендерде үйлерді тексеру жұмыстары жалғасуда.

ТЖ режимі жарияланған басқа облыстарда да зардап шеккен нысандарды техникалық тексеру, бағалау және тізбесін жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қауіптің азаюына қарай су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселелері шешілетін болады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02