«Құбыжықсың» дедім»: Бишімбаевтың сотында Салтанаттың құрбысымен екеуара хаттары жарияланды

Сондай-ақ сотта Нүкеноваға астрологиялық кеңес беруге көмектескен ассистенті  Анар Тасовадан да жауап алынды

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенованың жақын құрбысы Аида Ахмединамен хат алысуы жарияланды. Сонымен қатар сотта Салтанаттың бұрынғы ассистенті Анар Сатовадан да жауап алынды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Процестің басында Нүкенованың жақын құрбысы Аида Ахмединамен WhatsApp-тағы екеуара хат-хабары жарияланды. Атап айтқанда, айыптау 19 сәуірдегі сағат 20:09-дан бастап хат алмасуға баса назар аударды.

«Нүкенова: «Оның мені жібере салуы екіталай. Менде соққы алған фотосуретім бар, Айтымда да (Салтанаттың ағасы - ред.) бар. Бетімнің сау жері жоқ».

Ахмедина: «Мәссаған?! Бұл қашан болды?»

Нүкенова: «Мен Айтымның келетінін білмедім. Ол келісімен екеуі төбелесіп қалды. Айтым полиция шақырды».

Ахмедина: «Ол Айтымды ұрған жоқ па?»

Нүкенова: «Ол біздің отбасымызда оның менің көзімді көгерткен фотосурет бар болғандықтан, біз оны кейін жариялап, одан ақша бопсалайды деп күдіктеніп, мені жібермейтінін айтты. Содан ол ешкім оны бопсаламайтынына кепілдік ретінде менің жалаңаштанған бейнемді түсіретінін айтты. Сол кезде мен оған: «Сен құбыжықсың», - дедім. Бірақ мені онсыз жібермейтінін білдім».

Ахмедина: «Солай істедің бе?»

Нүкенова: «Иә, одан кету үшін. Менің басқа амалым болмады».

Ахмедина: «Бұл не деген бассыздық?»

Нүкенова: «Енді білмеймін. Мен шаршадым, одан басқа ешкіммен араласпаймын».

Ахмедина: «Иә, осымен тоқтады ма?».

Нүкенова: «Иә, ол әр қадамымды, әр хабарламаны, әр қоңырауды бақылап отыр. Мен телефонды артық қарамаймын, бірдеңені өшіруді ұмытып кетемін бе деп қорқамын. Тіпті болмайтын нәрсеге қытымырланып шығады. Айқай, тексеру, қорлау. Мен шаршадым. Үнемі үндемей, артық жанжалдан аулақ болу үшін ақталамын да жүремін. Ол ашуланбаса болды, менің жүйкем шыдамайды. Иә, ол «маникальды» түрде жақсы көреді. Бұл махаббат емес. Мен мұның бәрін қазір зерттеп жатырмын, сол үшін Павлодарға қашып кеттім. Жалпы, менің жағдайым осылай. Әрі қарай қалай болатынын білмеймін. Оны да аяймын, сол обалсынған соң да осыған дейін өз-өзімді ұстап келдім. Қалай келесің, Павлодарға кел. Бұл желтоқсанда немесе қаңтарда болды, екінші рет Алматыда, мен Маринаға жазып, заттарыммен кеткім келді. Ол менің шашымды жұлды. Бұлай бір емес, бірнеше рет болды. Ол бернеше рет шашымнан ұстап, айқайлады. Шашым түсе бастады. Содан кейін ол қойды. Мен үнемі кетіп қалған сайын ол қол көтеруін тоқтатты. Психологпен жұмыс жүргізу көмектесіп жатқан сияқты. Сол кездерден кейін біреуге бірдеңе жазудан, біреумен ол туралы немесе онымен қарым-қатынасымыз туралы сөйлесуден қорқамын. Аида, тек анама немесе Әселге айтпашы, әсіресе, қыздарға айтып қоймашы. Өтінемін, ешкімге тіс жарма».

Ахмедина: «Жарайды, ант етемін», - деп сотта хат-хабарларды жариялады.

Сондай-ақ сотта Нүкеноваға астрологиялық кеңес беруге көмектескен ассистенті  Анар Тасовадан жауап алынды. Бойжеткен Нүкенованың Бишімбаевпен қарым-қатынасы туралы білетін ақпаратын айтып берді.

Ассистенттің айтуынша, Салтанат оған Бишімбаевтың жұмыс істеуге тыйым салғаны туралы бірнеше рет айтқан. Сонымен қатар ол өткен жылдың 5 шілдесінде Шымкентте өткен жеке кездесуде Салтанатта дене жарақатын көрді.

«Мен олардың үйіне келдім, Салтанат шықты. Бірақ ол чемодансыз болды, Ең бірінші байқағаным, ол өте мұңды көрінді. Ол алдыңғы жаққа отырды, мен Салтанатқа басымды бұрып, сол жағында тұншықтыру белгілері, жіптің іздері бар екенін көрдім. Оның сол жақ тұсы тұтас көгерген болды. Маған бірден жаман ой келді. Біз кофеханада отырдық. Әңгіме барысында ол Қуандықтың «тиран» екенін айтты. Ол 24/7 оның жанында болып, оның құрбыларымен, әпкелерімен араласуына рұқсат бермей, оны үнемі бақылап жүрген. Біз шамамен 2-3 сағат отырдық, осы уақыт ішінде ол қатты мұңды болды, екеуінің қарым-қатынасы туралы көбірек айтты. Олардың үнемі жанжалдасатынын және оны бақылауда ұстайтынын айтты», - деді Тасова.

Куәгер Салтанаттың Қуандыққа тұрмысқа шыққанға дейін жақсы табыс тапқанын, табысы айына шамамен 3-4 миллион теңге болғанын атап өтті.

Бүгін Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот залынан БАҚ өкілдері шығарылды. Бұған желіде алқабилердің бейнесі бар кадрлар пайда болғаны себеп болған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59