ҚР Президенті жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу екі жылда бір рет өтеді

Президент Әкімшілігінің Басшысы О.Бектеновтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттік жастар кадр резерві – Мемлекет басшысының талантты жастар үшін пәрменді әлеуметтік лифт болып табылатын алғашқы жария бастамаларының бірі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу екі жылда бір рет өтеді. Бұдан бұрын тиісті резерв 2019 және 2021 жылдары жасақталды. Олардың ішінен 264 резервші мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы әртүрлі лауазымдарға тағайындалды. 31 резервші саяси лауазымдарды, 6 – «А» корпусының әкімшілік лауазымдарын атқарады.

Ұлттық комиссияның отырысында 1 қыркүйекте басталып, биылғы жылдың соңына дейін жалғасатын Президенттік жастар кадр резервіне жаңа іріктеуді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Іріктеу шеңберінде кандидаттардың мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу, ситуациялық тапсырмаларды шешу қабілетін, сондай-ақ құзыреттерін бағаланады және олар бірқатар әңгімелесуден өтеді.

Іріктеуден сәтті өткен адамдар мемлекеттік қызметтің және квазимемлекеттік сектордың жауапты лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау құқығымен үш жыл мерзімге резервке алынады.

Іс-шара барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев алдағы іріктеуді өткізуге дайындық туралы баяндады.

Іріктеуді өткізу тәртібі мен мерзімдері туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайтында жарияланады.

Отырыстың қорытындысы бойынша аталған іс-шараны сапалы іске асыру және жастарды іріктеуге қатысу үшін кеңінен тарту бойынша тапсырмалар берілді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30