Словакияның жаңа президенті сайланды

Ол 53,12% дауыс жинап, жеңіске жетті

Словакияда өткен президент сайлауының екінші турында парламент спикері және «Дауыс – социал-демократия» партиясының жетекшісі Петер Пеллегрини жеңіске жетті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сайлауда Пеллегрини 53,12% дауыс жинаса, тағы бір кандидат Иван Корчокқа 46,87% дауыс берген.

Өткен жылдың қазан айында өткен Словакиядағы парламенттік сайлауда Роберта Фицо төртінші рет жеңіске жеткен. Ол сайланғаннан кейін елдің сыртқы саясаты ресейшіл бола түсті.

Словакияда атқарушы билік премьер-министрге тиесілі, бірақ президент заңдарға тосқауыл қоюға және Конституциялық сотқа шағымдануға құқылы. Президент сондай-ақ Конституциялық сотқа судьяларды тағайындайды, егер Фицо реформаларына қарсылық туындаса, бұл маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Фицоның жеңісіне дейін Словакия Украинаның ең адал одақтастарының бірі болды, оның ішінде МиГ-29 жойғыштар паркін толықтай Киевке берді.

Алайда, осыдан кейін Пеллегрини басқаратын «Дауыс» партиясын қамтитын Фицо коалициясы Украинаға қару жеткізуді тоқтатты.

Фицо сонымен қатар Батыстың Ресей жүргізіп жатқан соғысқа қатысты ұстанымын сынға алды. Ол Батыс елдерін Киевке әскери көмек көрсетуді тоқтатып, дереу атысты тоқтатуға, Мәскеумен бейбіт келіссөздерді бастауға шақырды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

Кеше, 14:28
Админ
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03