«Атырауда Құлсарыдағы жағдай қайталауы мүмкін» — облыстық әкімдік

Атырау облысы әкімінің орынбасары өңірдегі су тасқыны жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

Админ

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев аймақтағы су тасқыны жағдайына байланысты Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Құлсарыда болып жатқан ахуал өте күрделі. Жылыойлықтар тасқын сумен күреске бел шешпей 2 апта дайындалып,  3 күн бойы қарғын сумен күресті. Бірақ, тілсіз жау қаланы  басып кетті. Зардап шеккен бауырларымызға барлық көмек көрсетілуде, шығын көлемі де өтеледі. Дегенмен, Атырау қаласы да бұл тағдырды қайталауы мүмкін. Су басу қаупі Орынбор, Орал қалаларынан кем болмайды деген болжам бар. Әлбетте әкімдік дайындалуда, 5 күннен бері өңірдің ең үлкен 20 құрылыс компаниясы және 6 ірі мұнай компаниялары жағаларды бекітуге, қорғау дамбаларын салуға жұмылдырылды. Қажетті материалдардың (қапшық, күрес және тб) резервін дайындалып, инертті заттар жинақталды, – дейді ол.

Оның айтуынша, Орынбор облысындағы Ирикла су қоймасынан Жайыққа жіберілген су Қазақстан аумағында Батыс Қазақстан облысы арқылы Атырауға облыстың Индер, Махамбет аудандарының аумағымен ағып келеді.

Индер ауданы бойынша жаға бекіту жұмыстарына 54 арнайы техника, 408 қызметкер жұмылдырылған. Қазір ауданда Жайық өзенінің жағалауындағы қауіпті аумақтарға жалпы ұзындығы 10 км бөгет соғылды. Ол жұмыстарға 37950 дана қапшық пайдаланылды. Тасқынға қарсы күрес жұмыстары жалғасуда. Махамбет ауданы бойынша елді мекендердің судан қорғану бөгеттерінің жалпы ұзындығы – 80 километр. Жайық өзені бойында орналасқан 17 елді мекеннің ішінде 9 қорғану бөгеті осал. Олар Талдыкөл, Бейбарыс, Алға, Махамбет, Сарытоғай, Ескі Сарайшық, Еңбекшіл, Есбол және Ортақшыл ауылдары тұсында, – деп нақтылады әкім орынбасары. 

Тасқыннан қорғану үшін 56 мың дана қапшыққа топырақ қапталып, өзен жағалауы бекітілді. Бұл жұмыстарға барлығы 95 техника, 142 қызметкер, 1300 ерікті жұмылдырылды.
Ал, Жайық өзенінің құяр сағасындағы Атырау қаласында барлығы 12 аумақта жаға бекіту жұмыстарын 172 техника жүзеге асыруда. Қазір жаға бекіту бойыша 2 метр биіктікте жалпы ұзындығы 7 км бөгеттер салынды. Жұмыста барлығы 100 000 дана қапшық пайдаланылды. Жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі таңда аталған жұмыстарды жалпы саны 5 мыңнан астам адам іске асыруда. Оның ішінде, әкімдіктің және Қорғаныс министрілігінің, Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар, Полиция департаменттерінің өкілдері жұмылдырылған. Бұл іске 4 000-ға жуық еріктілер тобы да үлес қосуда.

Себебі, бүгін Орынбордағы Ирикла су қоймасы рекордты су көлемін тағы да жіберді. Мұндай су көлемі біздің тарихымызда болмаған! Сондықтан ел болып, бірілігімізді көрсетіп қаламызды апаттан аман алып қалуға жұмылайық. Бізге әр атыраулықтың көмегі керек. Барлығымыз бір кісідей Жайық жағасын көтерейік. Көп түкірсе көл дегендей, әр азамат бір қапшық құмды жағаға әкелсе, үлкен бекет болары сөзсіз. Біз бұл сынақтан бірлік арқылы ғана шыға аламыз! Баршаңызды жаға бекіту жұмыстарына қатысуға шақырамын! – деді Жасұлан Бисембие.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22