NYT: Иран Израильге шабуыл жасауды жоспарлап жатыр

АҚШ барлау қызметі соққы Израильдің дипломатиялық нысандарына жасалауы мүмкін деп санайды

Админ

Иран, Израиль және АҚШ (Таяу Шығыстағы әскер) өз Қарулы күштерін аса жоғары қауіпке дайын болуға нұсқау берді, деп хабарлайды The New York Times (NYT) өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Газеттің Вашингтондағы және Таяу Шығыстағы ақпарат көздерінше, Израильдің сәуірдің 1-і күні Дамасктегі (Сирия) Ислам республикасының консулдығына жасаған шабуылы үшін Иран жауапты соққыға дайындалып жатыр. Осыған орай аймақтағы АҚШ әскері әзірлікті бастап кетті.

Израиль де қарулы күштерін жоғары дайындыққа келтірді. NYT агенттігіне израильдік дереккөз түсіндіргендей, жауынгерлік бөлімшелердегі демалыс тоқтатылды, кейбір резервшілер Әуе қорғаныс күштеріне шақырылды және GPS сигналы бұғатталып жатыр.

Газеттің Ирандағы екі сұхбатшысы да Ислам республикасындағы әскердің толық дайындықта көшкенін хабарлады. Себебі Тегеран Дамасктегі консулдыққа жасалған шабуылға тосқауыл қоюдың бір жауабы ретінде соққы жасауға ниетті екенін хабарлады.

CNN ақпаратынша, АҚШ пен Израиль Иранның жауап соққысы «міндетті түрде болады» деп санайды. Сондай-ақ нысанаға Израильдің де, АҚШ-тың нысандары алынады.

CBS АҚШ барлау мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, Тегеран ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен қанатты зымырандарды қолданбақшы деп жазады. Шабуылдың ықтимал уақыты мен нысанасы белгісіз. Дегенмен барлау ирандық әскерилер «пропорционалды жауап» бере алатынын алға тартып, соққылар Израильдің дипломатиялық нысандарына жасалады деп санайды. Осыған байланысты Израиль бірқатар елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің жұмысын уақытша тоқтатты.

Айта кетейік, Израильдің Дамаскідегі соққысынан Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСҚ) жоғары қолбасшылары қаза тапқан еді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59