Су тасқыны: Ел бойынша 13 мыңға жуық адам құтқарылып, эвакуацияланды

Оның ішінде 4 728 бала құтқарылды 

Админ

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қызметтері су тасқыны салдарын, су тасқынына қарсы іс-шараларды, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылған, деп хабарлайды Sarbaz.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Мәселен, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 4,2 млн.  астам м3 еріген қар суы (тәулігіне 474 мыңнан астам  текше метр) сорылды, 263 мыңнан астам қапшық (тәулігіне 38 мыңнан астам) және 403 мың тонна инертті материал (тәулігіне 6 мыңнан астам) төселді.

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау, Абай облыстарында 12 701 адам, оның ішінде 4 728 бала құтқарылды және эвакуацияланды.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 6 461 адам, оның ішінде 2 570 бала бар. 

Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 961 адам, оның ішінде 261 бала эвакуацияланды.

 «Жедел желі» телефондарына 592 қоңырау келіп түсті, 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастыруда.

Сондай-ақ, күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасқан өңірлерде бұл Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін еліміздің басқа өңірлерінен ТЖМ күштері мен құралдарының топтары тартылды.   

299 жеке тұрғын үй мен 673 аула аумағынан су шығарылды. Бұл ретте 1 267 жеке тұрғын үй мен 486 аула аумағы су астында қалып отыр.

Су шайған 39 автожол, оның ішінде 1 көпір және 38 жол төсемі бақылауда.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарында жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 53 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, ҚМ, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 6 930 адам, 1 895 техника, 772 су айдау құралы және 68 жүзу құралы, 8 әуе кемесі жұмылдырылды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39