Әскерге шақырудан кімдер босатылады?

Ал әскери борышын кейінге қалдыру кімдерге беріледі?

Әскерге шақыру жылына екі рет келеді. Біріншісі – көктемде, екіншісі – күз мезгілінде. Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті ер адамдарға, яғни 18-27 жастағы азаматтарға әскерден босатылуына немесе шақыруды уақытша кейінге қалдыруға болады. Алайда, оның өз тәртібі бар, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Әскери шақырудан кімдер бостылады?

Бұл тізімге мынадай азаматтар кіреді:

Денсаулығына байланысты жарамсыз деп танылғандар; 27 жасқа толғаннан кейін заңды түрде әскери қызметке шақырылмағандар; әскери қызметті өтеу кезінде міндетін орындау барысында туыстарының бірі көз жұмса немесе мүгедек (бірінші және екінші топтағы) болса; әскери қызметті басқа мемлекетте өткендер; ғылыми дәрежесі барлар; тіркелген діни бірлестіктердегі дін қызметкерлері; әскери жиындардан қорғанысты, қауіпсіздікті әрі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты лауазымдарда меморгандарда жұмыс істейтіндер; мемлекеттік, азаматтық әрі эксперименттік авиацияның қызметкерлері; егін егу мен астық орағы науқанында ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер; 18 жасқа дейінгі үш және одан да көп баласы бар азаматтар; соттылығы бар азаматтар;

Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары болып сайланған әскери міндеттілер;

Сондай-ақ, оқу жылы кезеңінде күндізгі оқыту режиміндегі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері; күндізгі оқу тәртібінде білім алып жатқандар.

Егер әскери қызметке шақыру соғыс уақытында жүзеге асырылса, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар ғана босатылады.

Әскери борышын кейінге қалдыру мына негіздер бойынша беріледі:

отбасы жағдайы бойынша; білім алуды жалғастыру үшін; денсаулық жағдайы бойынша; тағы басқа себептер.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59