Мәскеудегі терактіден кейін Тәжікстан мигранттары Ресейден жаппай кетіп жатыр

Тәжікстан Еңбек министрінің орынбасарының айтуынша, ел азаматтары Ресейден туған жеріне оралғысы келеді

Админ

Crocus City Hall ғимаратында болған теракт салдарынан Тәжікстан азаматтары Ресейден кеткісі келеді. Олардың кейбіреуі қудалау туралы да айтып жатыр, деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Тәжікстан Еңбек министрінің орынбасары Шахноза Нодиридің айтуынша, министрлікке «көптеген қоңыраулар» түсіп жатыр. Олардың көпшілігі Ресейдегі тәжік азаматтарының «қорқынышына» және олардың кетуге деген ұмтылысына байланысты.

Қоңырау көп. Бұл қудалаудан қорқу емес шығар, дегенмен біздің азаматтарда үрей мен паника басым, көп адам қайтқысы келіп жатыр. Біз қазір жағдайды қадағалап отырмыз, әзірге Тәжікстанға келушілер кетушілерден көп болып отыр, – деді ол.

Сонымен қатар Шахноза Нодири Ресейде Тәжікстан азаматтарына «халық арасында» қысым көрсету фактілері тіркелгенін және терактіден кейін елдің Еңбек министрлігінің Ресейдегі өкілдігіне қоқан-лоққы хабарламалар келіп түскенін атап өтті.

Мәскеудегі теракттен кейін мигранттарға қарсы тексерулер мен рейдтер жиілей түсті. Мысалы Санкт-Петербургте Орталық Азия елдерінің азаматтарын депортациялау бойынша «Антимигрант» ауқымды операциясы басталған. Мәскеуде Крокустағы терактіден кейін «шығыс келбеті» бар адамдарды тексеру күшейтілді.

Бұған дейін Мемлекеттік Думаның депутаты Михаил Шеремет те мигранттардың Ресейге кіруін Украинадағы соғыс аяқталғанша шектеуді ұсынған болатын.

Айта кетейік, Тәжікстаннан басқа елдерге жұмыс істеуге кеткен мигранттардың басым бөлігі Ресейді таңдайды. Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жылы 652 мың еңбек мигранттарының 627 мыңнан астамы Ресей Федерациясына кеткен.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02