Әскерилердің отбасылары Жидебай-Бөріліге экскурсия жасады

Жидебайдан кейін экскурсия тобы Абай-Шәкәрім кесенесіне ат басын тіреді

Нұрдәулет Кәкіш

Абай күні аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери қызметшілердің отбасылары ұлылар еліне экскурсия жүргізді, деп хабарлайды Sarbaz.kz Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жидебайды бетке алған жүзге жуық адам алдымен Күшікбай асуына тоқтап, бұлақ көзінен су ішті. Ұйымдастырушылар балғындарға Күшікбай батырдың шайқастарда көрсеткен айтулы ерліктері туралы айтты.

Бұл жерден кейін әскери қызметшілердің отбасылары заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің атақонысына айналған Бөрілі ауылына барды. Музейде саяхатшылар тобы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен өскен ортасы жайлы тың ақпаратқа қанықты.

Экскурсияның одан кейінгі жолы Еңлік-Кебек ескерткішіне бағытталды. Айнымас асыл махаббаттың куәгеріне айналған ескерткіште жергілікті көнекөз қариялар тарихи мағлұматтарды сөз етті.

Бұдан әрі әскери полиция қалқалаған автобустар легі Жидебайдағы Абайдың музей-үйіне тоқтады. Музейдегі құнды жәдігерлер оларды ерекше әсерге бөлегенін айтады меймандар.

Жидебайдан кейін экскурсия тобы Абай-Шәкәрім кесенесіне ат басын тіреді. Кесенедегі амфитеатрда балғындар сайысы ұйымдастырылды. Әскери қызметшілердің балалары ғұлама тұлғалардың өлеңдерін жатқа оқып, ән де шырқады. 19 бала қатысқан байқау тартысты өтті. Өнер додасына жиналған жұрт ішінен төреші сайланып, жеңімпаздар анықталды. Шара соңында қатысушыларға мадақтама қағазы мен бағалы сыйлықтар табысталды.

«Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды ұлылардың еліне келгеніме қуаныштымын. Рухани жан дүниеміз байып, біз білмейтін мәліметтермен таныстық. Сары жазық далалы, арасында ауық-ауық таулы келетін табиғаты да ерекше екен. Өзім алғаш рет келіп тұрмын. Естіген бір бөлек, көзбен көрген мүлде басқаша әсер береді екен. Бұл саяхат мен үшін ұлы бабаларымызды жаңа қырынан танытты. Абайдың әнін айтып, жүлдегер атандым», - деді Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия оқушысы Арсен Оразғали.

__Последние новости

  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
Админ
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

Дені сау ұрпақ – ұлт денсаулығы

17/09/2024 - 21:21
  • Басты назарда

Мерейді асырған отбасы

17/09/2024 - 21:20
  • Басты назарда

«Мектепке жол» акциясы

17/09/2024 - 21:19
  • Басты назарда

Балалардың көңілін көтерді

17/09/2024 - 21:18
  • Басты назарда

Жүйрік болсаң, озып көр

17/09/2024 - 21:14
  • Басты назарда

Әскери маман иесі – жауапты тұлға

17/09/2024 - 21:13
  • Басты назарда

Ертеңгі ел қорғаушылармен кездесті

17/09/2024 - 21:12
  • Басты назарда

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

17/09/2024 - 21:10
  • Басты назарда

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІСКЕ БЕТ БҰРДЫ

11/09/2024 - 23:53