Өскемендегі жылу орталығында екі қазандықты күрделі жөндеу аяқталды – әкімдік

Қазір жылу электр орталығында 44 мың тонна қатты отын бар

Өскемен қаласындағы жылу электр орталығында екі қазандықты күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен іргесіндегі Согра ЖЭО-да жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысы жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқталады.

«Бұл орталық 2018 жылы жекеменшікке берілген. Сол кезде жабдықтардың 85 пайыздан астамы тозып тұрған еді. Қазір мұнда екі қазандықты күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Үшінші қазандықта, екі турбинада және екі трансформаторда жұмыс аяқталуға жақын. Барлық қажетті жабдықтар өткен жылдың желтоқсанында жеткізілген. Сондықтан кестеден кешігу жоқ», - делінген ақпаратта.

Қазір жылу электр орталығында 44 мың тонна қатты отын бар. Бұл 42 күнге жетеді. «Қаражыра» көмір разрезімен жеткізу туралы шарттар жасалды. Жылыту маусымы басталғанға дейін көмірге тәуліктік қажеттілік – 735 тонна, ал суық маусым басталғанда - 1 065 тонна.

Еске салсақ, осыған дейін Риддер жылу орталығындағы 4 қазандық 20 қыркүйекке дейін іске қосылатындығы хабарланған.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19